Басты жаңалықҚоғам

«Қылмыскер өтемақыны төлемей жүр!»: Алматыда қастандықпен өлтірілген күзетшінің жесірі әділдік іздейді

2024 жылы Алматыдағы «Меркур Таун» ТҮК тұрғыны кешен күзетшісі Нұрбол Қайыпбаевты аса қатыгездікпен өлтірген болатын. Ол ер адамды көлігімен бірнеше рет қағып, кейін ұрып-соққан еді. Енді марқұмның жесірі Әсем Молдахунова біздің редакциямызға хабарласып, қылмыскер уәде еткен өтемақыны бермей жүргенін айтты, деп хабарлайды NewsMedia.kz тілшісі.

Осыдан бір жыл бұрын жолдасым Кайыпбаев Нұрбол Көптілеуұлын қастандықпен, жауыздықпен өлтірген Тастандиев Асқар Саламгазыевич сот үкімімен шешілген моральдық өтемақыны төлеймін деп уәдесін берген еді. Сот барысында «төленеді» деген шешім шыққан болатын. Енді А. С. Тастандиев «төлемеймін» деп бас тартып отыр, – дейді Әсем Молдахунова.

Еске сала кетейік, оқиғадан соң күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмған болатын.

(Фото: отбасылық архивтен)

Қайғылы оқиғаның бейнеролигі әлеуметтік желіде жарияланды. Онда күзетші қақпаны жаба бастағанда, «Джип» мінген ер адам оны бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп, оны жұдырықтай бастағанын көруге болады.

Балаларым кәмелет жасқа толмаған. Үшеуі де мектепте оқиды. Жолдасымды аяусыз, жауыздықпен бір-ақ сәтте жоқ қылды, – дейді ашынған ана.

Фото: ашық дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button