Басты жаңалықСаясат

Президент құқық қорғау органдарының қатысуымен кеңес өткізді

Жұмыс кеңесіне Президент әкімшілігі, Қауіпсіздік қеңесі және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысқан

Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды NewsMedia.kz

Ақорданың мәліметінше, Тоқаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне Президент әкімшілігі, Қауіпсіздік қеңесі және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысқан.

Жиында елімізде азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Президент жиынға қатысушыларға жаңа Конституция жобасы бойынша жұмыс істеген Конституциялық комиссия қызметінің қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

Фото: Ақорда

Басқа жаңалықтар

Back to top button