Басты жаңалықСаясат
Конституция жобасы: Парламенттің өкілеттігі қашан тоқтайтыны белгілі болды
Құрылтай сайлауы 30 тамыз – Конституция күні қарсаңында өтуі мүмкін деген болжам бар


Бүгін, 12 ақпанда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланған болатын. 96 баптан тұратын құжаттың XI бөлімі – «Қорытынды және өтпелі ережелер» (95-бап) – қолданыстағы Парламенттің өкілеттігін тоқтату мерзімін айқындайды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
Жоба мәтінінде: «1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті 2026 жылғы 1 шілдеден бастап өз өкілеттігін тоқтатады» деп көрсетілген.
Сонымен қатар Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Президент Құрылтайға сайлау жариялауға міндетті екені жазылған. Ал сайлау екі ай ішінде өткізілуі тиіс.
Осы мерзімдерді ескерсек, Құрылтай сайлауы 30 тамыз – Конституция күні қарсаңында өтуі мүмкін деген болжам бар.
Фото: Мәжіліс