ӘлемБасты жаңалықҚоғам

Украина орыс тіліндегі кітаптарға тыйым салмақ

Бұл шешім орыс тіліндегі кітаптарға тыйым салуды талап еткен, қажетті дауыс санын жинаған петициядан кейін қабылданып отыр

Украинаның Теледидар және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті орыс тіліндегі баспа өнімдерін тәркілеу тетігін бекітетін қаулы жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Украина Премьер-министрінің орынбасары — Мәдениет министрі Татьяна Бережная баспа ісі туралы қолданыстағы заңда орыс тіліндегі әдебиетті басып шығару мен таратуға қатысты тыйым бар екенін түсіндірді.

Оның сөзіне қарағанда, Мәдениет министрлігі қолдаған бастама соғысты насихаттайтын немесе «Украинаға қарсы мағынасы бар» өнімдерді айналымнан алып тастауға бағытталған. Бұл шешім орыс тіліндегі кітаптарға тыйым салуды талап еткен, қажетті дауыс санын жинаған петициядан кейін қабылданып отыр.

Фото: haqqin.az

Басқа жаңалықтар

Back to top button