Жаңалықтар

Қостанайда бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды

Жерасты жылу желісіндегі ақауды жою жұмыстары жоспарланған

Қостанай қаласындағы «Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы» МКК мәліметінше, 16 ақпанда Қасымханов көшесі, 114 мекен жайында диаметрі 159 мм жерасты жылу желісіндегі ақауды жою жұмыстары жоспарланғанына байланысты бірнеше тұрғын үй қыстың қақ ортасында жылусыз қалған, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Жылу беру уақытша шектелетін аймаққа 23 жеке тұрғын үй кіреді:

– Қасымханов көшесі: 108, 111, 114, 116, 118, 119, 121, 123, 125, 127, 144.

– Жеңіс көшесі: 45, 47, 49, 50, 57, 59, 61, 62, 63, 64.

– Абай даңғылы: 95, 120/2.

Ақауды жою және тұтынушыларға жылу беруді қалпына келтіру мерзімі 13:00-ден 20:00-ге дейін деп көрсетілген.

Фото: ашық дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button