Басты жаңалықДенсаулық

«Көп адам мұны білмейді»: Қазақстандықтар қосымша 3 күн демалыс ала алады

Еңбек кодексінде скринингтерден өту үшін арнайы демалыс қарастырылған

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды өз құқығын дұрыс пайдалануға шақырды. Оның айтуынша, әр жұмысшы медициналық тексерістен өту үшін 3 күнге демалыс алуға құқылы, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Аймағамбетовтің айтқаны

Көп адам мұны білмейді. Еңбек кодексінде скринингтерден өту үшін арнайы демалыс қарастырылған. 87-бапта ол нақты көрсетілген. Қызметкерге жылына 3 жұмыс күніне дейін скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс беріледі. Жұмыс беруші бұл арнайы демалысты беруге міндетті. Өз құқығыңызды пайдаланыңыздар. Скринингтен өтіңіздер, – деді депутат.

Скрининг деген не?

Айта кетсек, скрининг – ауруларды ерте кезеңде анықтау және асқынулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін алдын алу медициналық тексеру.

Бағдарламаға бой, салмақ, бел аймағын өлшеу, қан қысымы, холестерин мен қант деңгейін бақылау, 30–70 жас аралығында көз қысымын өлшеу, қажет болса электрокардиография және мамандардың қарауы кіреді. Әйелдерге 30–70 жас аралығында жатыр мойны цитологиясы, 40–70 жас аралығында сүт безі маммографиясы жүргізіледі.

50–70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер үшін тоқ ішек пен тік ішек ауруларын ерте анықтау мақсатында нәжіс талдауы мен мамандардың қарауы ұсынылады. Скрининг Қазақстанда тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кіреді.

Фото: Unsplash.com

Басқа жаңалықтар

Back to top button