Басты жаңалықЖаңалықтар

«Мұны да асығыстық дейміз бе…»: Қазақстанда жаңа Конституция туралы сайт іске қосылды

Ресурс алдағы өзгерістер туралы ақпарат көзі ретінде құрылған

Қазақстанда жаңа Конституция туралы ақпарат пен референдумға дейінгі күнді көрсететін жаңа сайт пайда болды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

“Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін” жалпыұлттық коалициясы referendum2026.kz порталын таныстырды. Бұл сайт алдағы өзгерістер туралы ақпарат көзі ретінде құрылған.

Сайтта Конституция жобасының толық мәтіні жарияланған. Кейін мұнда сарапшылардың пікірлері мен енгізілетін өзгерістер бойынша кең түсіндірмелер орналастырылатыны айтылды. Сондай-ақ референдум күніне дейінгі кері санау таймері бар.

Бұдан бөлек, платформада коалицияның өңірлердегі жұмысы туралы жаңалықтар, бейнематериалдар және интерактивті контент жарияланады.

Десе де, журналист Манас Қайыртайұлының жазуынша, сайт тиісті жарлық шықпай тұрып тіркеліп қойылған.

Мұны да асығыстық дейміз бе, білмедім.
19 қаңтар күні, әлі комиссияны құру туралы жарлық шықпай тұрып, әлдебір жеке компания Референдум2026.kz деген сайтты тіркеп қойыпты. Бірер күн бұрын жұмысқа белсене кірісті. Ресми мекен жайда Астанадағы “Аманат” партиясы орналасқан ғимаратты көрсеткенімен, доменді тіркеткен IP Алматыда екен. Әрине, VPN қолданбаған болса… – дейді журналист.
Фото: сайттан скрин

Басқа жаңалықтар

Back to top button