Басты жаңалықЖаңалықтар

Қостанайдағы балық өсірушілер 66 млн теңге көлеміндегі субсидияны заңсыз алған

Прокуратура қадағалау актісі арқылы облыс әкімдігін негізсіз төленген 66 млн теңгені қайтару туралы талаппен сотқа жүгінуге міндеттеді

Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы балық өсіретін шаруашылықтарға заңсыз субсидия беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды NewsMedia.

Тексеру барысында кәсіпорындарға қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған шығындарды өтеу үшін өтемақы төленгені белгілі болды.

Тексеру қорытындысы бойынша прокуратура қадағалау актісі арқылы облыс әкімдігін негізсіз төленген 66 млн теңгені қайтару туралы талаппен сотқа жүгінуге міндеттеді.

2026 жылғы 28 қаңтарда Қостанай облыстық соты талап арызды қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енді, — деп атап өтті облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі.

Фото: world-nan.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button