Жаңалықтар

Қосшы қаласында бір отбасы газға уланып қалды

Олардың үшеуі - бала

Ақмола облысы Қосшы қаласында бір отбасынан төрт адам ысқа уланып қалды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Уланғандардың үшеуі – бала. Олар 10, 5 және 1 жаста. Алдын ала болжам бойынша, балалар пештен шыққан ысқа уланып қалған.

Анасы мен үш бала жеңіл көміртегі тотығымен уланған. Ауруханаға барар жолда кәмелетке толмағандардың анасы да өзін жаман сезінген. Ол да ысқа уланғаны белгілі болды, – дейді ТЖД қызметкерлері.

Отбасы мүшелері дереу ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдай мамандары сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертті.

Фото: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button