Басты жаңалықЖаңалықтар

Ақмола облысында сұмдық оқиға: Ер адам отбасы мүшелерін қырып салды

Әкесі мен анасын, жиенін және ағасын аса қатыгездікпен өлтірген

Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылында жергілікті тұрғын өз отбасының төрт мүшесін қатыгездікпен өлтірді. Күдікті қылмыс орнында ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Жібек жолы ауылының тұрғыны өз отбасы мүшелерін – әкесі мен анасын, жиенін және ағасын аса қатыгездікпен өлтірген.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ізін суытпай ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД.
Полиция өкілдері тергеу барысы департамент басшылығының қатаң бақылауында екенін атап өтті. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Фото: Tengrinews.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button