Басты жаңалықСаясат

Тоқаев Иранның Әзербайжанға қарсы жасалған әрекетін қатаң айыптады

Президенттің айтуынша, орын алған оқиғаның барлық мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп жан-жақты әрі егжей-тегжейлі зерттеледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайға соққы жасауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Иран жақын көрші әрі сенімді серіктесіміз»: Қазақстан қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтты

Иран Әзербайжанға дрондарымен шабуыл жасады

Мемлекет басшысы бауырлас әрі одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайтынын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, орын алған оқиғаның барлық мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп жан-жақты әрі егжей-тегжейлі зерттеледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жағдайдың ушығып кетпеуі үшін мәселе дипломатиялық жолмен шешіледі деген сенім білдірді. Оның пікірінше, мұндай жағдайлар аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке кері әсер етпеуі тиіс.

Қазақстан тарапы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау маңызды екенін атап өтті.

Фото: Ақорда

Басқа жаңалықтар

Back to top button