Жаңалықтар

Комада жатқан әйел тозақ пен жұмақты көргенін айтты

Макдэниелдің айтуынша, ол жалынға оранған алып қаланы көрген

АҚШ тұрғыны Кэти Макдэниел 18 күн комада жатқан кезде тозақ пен жұмақты көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды NewsMedia.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Шайтанмен бетпе-бет: Бес күн комада жатқан ер адам тозақты көрген

Need To Know басылымының дерегіне сүйенсек, қазір 79 жастағы әйел 1999 жылы өкпесі жұмысын тоқтатқаннан кейін ауруханаға түскен. Оның айтуынша, комаға түскеннен кейін өзін үлкен бос кеңістікте көрген. Әйел бұл орынды тозаққа ұқсас деп сипаттайды.

Макдэниелдің айтуынша, ол жалынға оранған алып қаланы көрген. Қала оған Нью-Йоркке ұқсап көрінген. Айнала өте ыстық болып, ауада жағымсыз иіс тұрған. Ал адамдар қорқыныштан айғайлап, жан-жаққа жүгіріп жүрген.

Оның сөзінше, бұл жерде адамдардан үмітін үзуді талап ететін жын-перілер болған. Солардың бірі судьяның мантиясына ұқсас киім киген. Әйел үмітін жоғалтпай, қарсылық көрсеткенін айтады. Біраз уақыттан кейін оған «жын кейіпті әйел» келіп, өзін және тағы бірнеше адамды басқа кеңістікке алып кеткен.

Кейін ол мүлде басқа әлемге тап болғанын айтады. Оның сөзінше, бұл жерде ерекше тыныштық пен махаббат сезімі билеген. Біраздан соң өзін мәрмәр тастан салынған, соборға ұқсас жарық ғимаратта көрген.

Сол жерде ол ауруханаға түсерден бір ай бұрын қайтыс болған күйеуін көргенін жеткізді. Оның жанында Макдэниелдің бүкіл өмірі жазылған кітап жатқан.

Ол маған әлі көп іс атқаруым керек екенін айтты. Мен сол жерде қалғым келді, оның сөздері анық болды, – дейді әйел.

Біраз уақыттан кейін Макдэниел ауруханада есін жиған. Сол кезде өзінің 18 күн бойы комада жатқанын білген.

Әйелдің айтуынша, көпшілік бұл оқиғаға сенбеген соң, ол өзінің ерекше тәжірибесі туралы кітап жазуға шешім қабылдаған.

Ол осы жағдайдан кейін өмірге деген көзқарасы өзгергенін айтады.

Ағылшын тіліндегі ең маңызды үш сөз – Құдай, махаббат және үй. Олардың мағынасы бір, – деп түйіндеді ол.

Фото: needtoknow.co.uk

Басқа жаңалықтар

Back to top button