Басты жаңалықЖаңалықтар

Атырауда 8 наурыз күні жас жігіт 19 жастағы қызды пышақпен азаптаған

Күдікті бұл әрекетін бұған дейін өз-өзіне қол жұмсаған досының өлімінен кейінгі ауыр күйзелістен болды деп түсіндірген

8 наурыз күні Атырауда 21 жастағы жігіт 19 жастағы қызды бес сағат бойы қорлап, видео түсірген, деп хабарлайды NewsMedia.

Бойжеткенді ұрып, пышақпен жарақаттаған ол әрекеттерінің видеосын әлеуметтік желілерге жариялаған. Қазіргі таңда күдікті ұсталды.

Бойжеткенді азаптаған жігіт қамауға алынып, тергеу амалдары басталды. Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті бұл әрекетін бұған дейін өз-өзіне қол жұмсаған досының өлімінен кейінгі ауыр күйзелістен болды деп түсіндірген.

Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы «Азаптау» және 147-бабы «Жеке өмірге қол сұғу» айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Фото: видеодан скрин

Басқа жаңалықтар

Back to top button