Жаңалықтар

Қазақстанда референдум басталды

Бюллетеньде бір ғана сұрақ бар

Бүгін, 15 наурызда, еліміз бойынша сайлау учаскелері сағат 07.00-де ашылатын болса, кей жерлерде 6.00-де ашылды. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады. Осы уақыттан кейін учаскелік комиссиялар бюллетеньдерді санауға кіріседі, сондықтан кешкі 20:00-ден кейін дауыс беру мүмкін болмайды, деп хабарлайды NewsMedia.

Бюллетеньде бір ғана сұрақ бар:

«2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»

Референдумда 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары дауыс бере алады. Егер азамат 15 наурызда, яғни референдум өтетін күні 18 жасқа толса, ол да дауыс беруге құқылы. Негізгі шарт — өз учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізілуі.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Қазақстанға референдумды бақылау үшін халықаралық байқаушылар миссияларының басшылары мен шетелдік сайлау органдарының өкілдері келген.

Фото: Zakon.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button