Рахат Тұрлыханов тағы да әйелін ұрып-соққан ба: Полиция түсінік берді
Әнші полиция бөліміне жеткізілген

Әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрды деген күдікпен полиция бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Полиция Рахат Тұрлыхановтың жұбайын ұрып-соқты деген күдікпен ұсталғанын растады.
Алматы қаласының Медеу ауданында орын алған отбасылық жанжал дерегі бойынша полиция қызметкерлері түскен шақыртумен оқиға орнына барып, мән-жайды анықтау үшін қатысушыларды аудандық Полиция басқармасына жеткізді, – деп хабарлады полициядан.
Ведомство өкілдері тексеріс барысында әйелдің бастапқыда өзіне физикалық күш көрсетілгенін айтқанын, алайда кейіннен ұрып-соғу дерегін жоққа шығарып, тек отбасылық жанжал фактісі бойынша арыз түсіргенін атап өтті.
Қарау нәтижесі бойынша ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қайшы әрекеттер») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызмет


