Басты жаңалықҚоғам

Қазақстанда ажырасып кететіндер көбейген

2025 жылы 45,7 мың ажырасу тіркелді

2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелген. Жалпы некелесу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,69 болды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда отбасылардың ажырасуы көбейіп кеткен

Конституциялық сот әйелінен табысын жасыратын ер адамдардың ісін қарап, шешім шығарады

Некелесу көрсеткіші Астана қаласында – 1000 адамға 6,75, сондай-ақ Қарағанды (6,32) және Шығыс Қазақстан (6,27) облыстарында жиірек тіркелген. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 5,06.

Қалалық жерде 78,9 мың неке тіркелсе (68,1%), ауылдық жерде – 37 мың (31,9%). Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер арасында 27,9 жас, әйелдер арасында – 25,3 жас.

Ерлер арасында алғаш рет некеге тұрғандардың үлесі 77%, әйелдер арасында 78% болды. Ажырасқаннан кейін некеге қайта тұрғандардың үлесі ерлерде – 22%, әйелдерде – 21%.

2025 жылы некенің басым бөлігі жаз айларында тіркелген: маусым – 11 848, шілде – 12 955, тамыз – 12 418. Былтыр отау құрғандардың 80,4%-да моноэтностық неке болса, 19,6% – ұлтаралық неке.

2025 жылы 45,7 мың ажырасу тіркелді. Олардың 34 мыңы (74,4%) қалалық жерде тіркелсе, ауылдық жерде – 11,7 мың (25,6%). Жалпы жылдық ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,24 болды. Ең жоғары коэффициент Павлодар облысында – 3,43, сондай-ақ Қарағанды (3,41) және Солтүстік Қазақстан (3,28) облыстарында тіркелді. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында – 1,03.

Некеде тұру ұзақтығына қарай ажырасулардың ең үлкен үлесі (35%) 1-4 жыл отау құрағандарға тиесілі. 5-9 жыл бірге тұрғандар арасындағы ажырасу – 24%, ал үйленгеннен кейін бір жыл ішінде ажырасқандар үлесі 8%.

Фото: znatoki.org

Басқа жаңалықтар

Back to top button