
20 наурызда Қазақстан Парламентінің бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.
Фото: gov.kz



