Басты жаңалықБілім

Елімізде мектептер алты күндік оқу аптасына көше алады

Барлығы оқушылар саны мен мектептің мәртебесіне байланысты

Қазақстанда мектептердің басшылығы енді алты күндік оқу аптасына көшу туралы шешімді өз бетінше қабылдай алады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлбақыт Жүнісова мәлімдеді.

Қазақстан мектептерінде оқу аптасы бес күндік те, алты күндік те болуына рұқсат етілген. Әрбір білім беру ұйымы нақты оқу режимін өз бетінше белгілейді. Мәселен, мектеп басшылығы оқу жүктемесі артқан жағдайда алты күндік оқу аптасына көшу туралы шешім қабылдай алады.

Барлығы оқушылар саны мен мектептің мәртебесіне байланысты. Егер бұл гимназия немесе лицей болса, онда оқу сағаттарының саны сәйкесінше көп болады. Шешімді әрбір білім беру ұйымының басшысы қабылдайды. Алайда оқу-ағарту министрлігі ресми түрде алты күндік оқу аптасына көшу туралы хабарлаған жоқ, – деді министрлік өкілі.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button