Басты жаңалықСпорт

Дастан Сәтпаев наурыз айындағы ойындарға қатыспайды

Бұл туралы құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов мәлімдеді

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Дастан Сәтпаев наурыз айындағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Бұл туралы құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов мәлімдеді. Бапкердің айтуынша, ойыншыны демалдыру жөнінде оның клубының медициналық штабы ұсыныс берген. Осыған байланысты Сәтпаев халықаралық үзіліс кезінде қалпына келу процесінен өтеді.

Бізге «Челси» клубының медициналық штабынан Сәтпаевты қалпына келтіру қажеттігі туралы ұсыныс түсті. Сондықтан ол наурыз айындағы ойындарға қатыспайды. Оның орнына ұлттық құрамаға Оралхан Өміртаев шақырылды. Ол жақсы функционалдық күйде және команда тапсырмаларын орындауға дайын, — деді Талғат Байсуфинов.

Айта кетейік, наурыз айында Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турниріне қатысады. Алғашқы матч 25 наурыз күні Астана Аренада Намибия құрамасына қарсы өтеді. Кездесу сағат 17:00-де басталады.

Фото: ашық дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button