Жаңалықтар
Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды
Ол өмірге келгенде тірі болды ма, әлде өлі туды ма, полиция мен медициналық қызметкерлер анықтап жатыр

Қосшы қаласында жол жиегінен шамамен 6-7 айлық нәрестенің денесі салынған пакет табылды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Қазіргі уақытта оның өмірге келгенде тірі болды ма, әлде өлі туды ма, полиция мен медициналық қызметкерлер анықтап жатыр.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір бұл дерек бойынша тергеу басталған. Мамандар жаңа туған нәрестенің кімнің бақылауында болғанын, жүкті әйелдің туған мерзімі қашан болуы керегін анықтау бойынша кешенді тергеу шараларын жүргізуде.
Оқиға орны мен мән-жайлары бойынша барлық қажетті тексерістер жалғасып жатыр.
Фото: ukr.net



