Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады
Спортшы бір құшақ раушан гүлін ұстаған ер азаматтың суретін жариялады

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Instagram парақшасында сүйіктісінің үйленуге ұсыныс жасағанын жазды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Бір құшақ раушан гүлін ұстаған ер азаматтың суретін жариялап:
“Иә” дедім, – деп жазды Әбиба.
Желі қолданушылары спортшыны қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Арасында алдағы Олимпидаға қатысу туралы сұрағандар да болды.
“Бақытты болыңдар”, “Бақытты да мұңсыз бол, қазақтың маңдайына біткен батыстың жарық жұлдызы”, “Құтты болсын бақытты болыңыз”, “2028 жылғы олимпиаданы күтпедің бе”, “Спорт бітті ме? Әрі қарай келіндік қызмет бола ма?”, “Олимпиада чемпионы атанбай тұрмыс құрмаймын деп едіңіз ғой”, – деп жазып жатты желідегілер.
Әбиба сауалдардың біріне “Бұйырса барамын” деп жауап берді.
Фото: instagram.com/abiba48



