Жаңалықтар

Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Оның мәйітінен ешқандай қылмыс белгілері анықталмады

Қостанайда еріктілер, полиция қызметкерлері және құтқарушылар бір апта іздеген 17 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды NewsMedia.kz

Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел іздестіру кезінде полиция қызметкерлері Владимир Орелдің денесін Гагарин бөгетінің жанындағы қамыс алқабынан тапты. Оның мәйітінен ешқандай қылмыс белгілері анықталмады.

Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Фото: Жақындарының архиві

Басқа жаңалықтар

Back to top button