Астанадағы сауда орталықтарының бірінде жастар жаппай төбелескен
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бір топ жас жігіт шу шығарған

Астанадағы «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығында жастар арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Елордалық полицейлер қақтығысқа қатысқандардың кім екенін анықтап, Полиция басқармасына жеткізілді.
26 наурызда әлеуметтік желілерде елордалық сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бір топ жас жігіт шу шығарған. Бұл жағдай ғимараттағы адамдардың үрейін туғызған.
Астана қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, қақтығысқа қатысушылардың ұсталғанын растады.
Төбелеске қатысқандардың барлығы, соның ішінде кәмелетке толмағандар да ұсталды. Олар Сарыарқа аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.


