Jadiger: Білімді жүйеге айналдыру — басты миссия
Бұл — Қазақстандағы білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған қадам

Хаос пен білімнің арасы: Мен неге бұл жобаны бастадым?
Бәріңізге сәлем! Менің атым-жөнім — Әлқуат Жұматаев. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 4-курс студентімін. Университет қабырғасында білім ала жүріп, мен тек теориямен шектелмей, күрделі бағдарламалық шешімдер жасаумен айналысатын әзірлеуші маман ретінде қалыптастым.
Күнделікті оқу процесінде мен үлкен бір мәселені байқадым: біз ақпаратты тым шашыраңқы қабылдаймыз. Курс бір сайтта, тест басқа жерде, ал ең маңыздысы — өз ойымыз бен конспектілеріміз әртүрлі қосалқы чаттарда немесе қағаз қиындыларында қалып қояды. Бұл «инструменталды хаос» білімнің сапасын төмендетеді. Дәл осы мәселені шешу мақсатында менің дипломдық жұмысым ретінде басталған жоба бүгінде ауқымды “Jadiger” білім беру экожүйесіне айналып отыр.
«Жәдігер» — жай ғана атау емес, философия
Платформаның атауына «Жәдігер» сөзін таңдауым кездейсоқ емес. Біз үшін жәдігер — атадан балаға қалатын, уақыт өтсе де құнын жоғалтпайтын құнды дүние. Менің мақсатым — сіздің алған біліміңіз де дәл сондай «жәдігерге» айналуы. Мен оқуды жай ғана видео көру емес, нақты нәтижеге бағытталған жүйелі процесс ретінде құрдық: Материал → Тексеру → Конспект – Қайталау.
Jadiger-дің басқалардан айырмашылығы неде?
Мен бұл жобаны жасағанда, оқушының назарын бір жерге жинақтауға тырыстым:
- Барлығы бір жерде: Курстар, стажировкалар, тесттер мен күнтізбе — бәрі біртұтас өнім ретінде жұмыс істейді.
- Конспект — білімнің негізі: Біз конспектіні жай ғана мәтін емес, оқудың басты құралына айналдырдық. Студент материалды оқи отырып, оны жүйелеп, жеке жазбаларын қалыптастырады.
- Ақылды әрі бақыланатын Жасанды Интеллект: Платформаға енгізілген Жасанды Интеллект (Данышпан) сіздің орныңызға жұмыс істемейді, ол сізге платформаның әр сатысында көмектеседі. Ол мәтінді құрылымдайды, суреттегі жазуды таниды және конспектіні толықтырады. Сонымен қатар емтиханға дайындық ретінде мәтін мазмұны бойынша сұрақ – жауап форматында флэшкарталар құру арқылы біліміңізді сынайды. Тіпті радио жүргізуші сияқты мәтініңізді оқып, мазмұнын аудио форматта ұсынады.
Біздің пилоттық жобаға қосылыңыз!
Қазіргі уақытта Jadiger.kz белсенді тестілеу кезеңінде. Мен бұл жобаны нақты адамдарға пайдалы ету үшін сіздерді біздің «пилотқа» қатысуға шақырамын:
- Студенттер мен оқушылар: Егер сіз оқуды жеңілдетіп, біліміңізді жүйелегіңіз келсе, платформаны бірінші болып пайдаланып көріңіз.
- Авторлар мен мұғалімдер: Өз курсыңызды жасауды, оқушылардың прогресін бақылауды және ЖИ арқылы контент дайындауды бізбен бірге сынап көруге шақырамын.
- Оқу студиялары: Стажировкаларды басқару, менторлық жасау және қатысушыларды бағалау процесін қалай автоматтандыруға болатынын бірге көрейік.
Қорытынды
Мен үшін бұл тек диплом алудың жолы емес, бұл — Қазақстандағы білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған қадам. Мен 2026 жылы Jadiger-ді әрбір білім алушының сенімді серігіне айналдыруды мақсат етіп отырмын.
Менімен және жобамен байланыс:
- Сайт: jadiger.kz
- Электронды пошта: @jadiger.info
- Telegram: t.me/tsukinomi
- WhatsApp: +7 747 821 94 34
Болашақты бірге құрайық!
Фото: Сайттан скриншот



