Басты жаңалықЖаңалықтар

Көкшетау қоқысқа көміліп қалды

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан қоқыс контейнерлерінің айналасы тұрмыстық қалдықтарға толып, белгіленген аумақтан асып кеткенін анық көруге болады. Жергілікті тұрғындардың уәжіне сүйенсек, бұл кездейсоқ олқылық емес, әбден асқынған жүйелі мәселе.

Көкшетау қаласының дәл орталығында, Сәтпаев көшесіндегі жайсыз көрініс желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бұл туралы NewsMedia.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан қоқыс контейнерлерінің айналасы тұрмыстық қалдықтарға толып, белгіленген аумақтан асып кеткенін анық көруге болады. Жергілікті тұрғындардың уәжіне сүйенсек, бұл кездейсоқ олқылық емес, әбден асқынған жүйелі мәселе.

Әсіресе орталық көшеде мұндай көріністің болуы халықтың наразылығын тудырды. Тұрғындардың сөзінше, коммуналдық қызметтердің жұмысы қанағаттанарлықсыз.

Қалдықтардың уақытылы тасымалданбауы салдарынан экологиялық ахуал нашарлап, айналаға жағымсыз иіс жайылуда. Бұл ретте “орталықтың түрі мынау болса, шеткі аудандардағы тазалықтың сиқы қандай?” деген орынды сауал туындайды. Қала жұрты жергілікті әкімдік пен тиісті мердігер мекемелерден құрғақ уәде емес, нақты әрі шұғыл әрекет күтеді.

Қала тазалығына жауапты тұлғалардың бұл мәселеге қатысты ресми позициясы әзірге жарияланған жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button