Басты жаңалықЖаңалықтар

Депутат бақылауында болған жаңа жол бір жылға жетпей опырылып түсті

Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Алматы облысының Кеген ауданында пайдалануға берілгеніне бір жыл толмаған жаңа жолдың бір бөлігі опырылып қалды. Бұл туралы бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Таралған видеолардың кадрларынан Сарыжаз бен Кеген ауылдарының арасын жалғап тұрған асфальттің қақ айырылып түскенін көруге болады. Алдын ала болжам бойынша, жолдың бұзылуына еріген қар суы әсер еткен болуы мүмкін.

Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Себебі былтыр ғана аталған жолды депутат Ардақ Назаров арнайы барып тексеріп, бақылап кеткен болатын. Осыған байланысты жұртшылық: «Депутатымыз осы жолды тексеріп кеткен еді. Дұрыс тексермеген сияқты…» деп пікір жазуда.

Жалпы, жаңа жолдың бір жылға жетпей бүлінуі көпшілікті қатты таңғалдырды. Қазіргі таңда жол құрылысының сапасына қатысты тексеру жұмыстары жалғасуда. Ал жергілікті тұрғындар: «Бір депутаттың тексеруінен кейін жолдың жағдайы осындай болса, қалғандары тексермей-ақ қойсын» деген ащы әзілдерін айтып жатыр.

Ақпарат көзі: ertenmedia.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button