Басты жаңалықЭкономика

Қазақстанда кімдердің жалақысы өскені белгілі болды

Алайда инфляцияны есепке алғанда, нақты жалақы керісінше 3,2%-ға төмендеген

2025 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық жалақы 473 мың теңгені құраған, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елдегі орташа атаулы жалақы бір жыл ішінде 8,8%-ға өсіп, 473 мың теңгеге жеткен. Алайда инфляцияны есепке алғанда, нақты жалақы керісінше 3,2%-ға төмендеген.

Сала бойынша ең жоғары өсім ауыл және орман шаруашылығында байқалды – 25,9%. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік саласында жалақы 14,5%-ға, ал көлік және қоймалау секторында 11,9%-ға артқан. Ең төмен өсім денсаулық сақтау саласында – 5,6% және білім беру саласында 5,7% болды.

Ең жоғары орташа жалақы қаржы және сақтандыру саласы қызметкерлерінде – 987 мың теңге, ал тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 979 мың теңге. Бұл көрсеткіштер елдегі орташа жалақыдан екі есеге жуық жоғары.

Жалақы көлемі бойынша үшінші орында ақпарат және байланыс саласы тұр – 883,5 мың теңге. Одан кейінгі орындарда:

– Ғылыми және техникалық қызмет – 731 мың теңге.
– Өнеркәсіп –  690,8 мың теңге.
– Көлік және қоймалау – 641 мың теңге.
– Өңдеу өнеркәсібі – 602 мың теңге.

Фото: ашық дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button