ӘлемЖаңалықтарСаясат

Иран: Трамп Австралия, Жапония және Оңтүстік Кореяны сынға алды

Ақ үйде Ирандағы жағдайдың дамуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында Дональд Трамп Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея және НАТО ұйым ретінде соғыста АҚШ пен Израильге көмектеспегеніне наразылық білдірді.

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі, 6 сәуір күні кешке Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Австралияны, Жапонияны, Оңтүстік Кореяны, сондай-ақ НАТО-ны одақтастар ретінде Америка Құрама Штаттары мен Израильдің Иранға қарсы соғысына жәрдем бермегені үшін кезекті рет сынға алды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

«Жапония бізге көмектеспеді, Австралия бізге көмектеспеді, Оңтүстік Корея бізге көмектеспеді, сосын НАТО-ға келетін болсақ — НАТО да бізге көмектеспеді», — деп өкінішін білдірді Америка мемлекетінің басшысы.

Бұған қоса, президент АҚШ-тың аталған елдердің қауіпсіздігі үшін көрсетіп отырған әскери көмегін көлденең тартты. «Жапонияны Солтүстік Кореядан қорғау мақсатында 50 000 сарбаз, ал Оңтүстік Кореяны Ким Чен Ынның қаупінен сақтау үшін 45 000 әскер бөліп отырмыз», — деп нақты деректерді алға тартты.

Сонымен қатар, Трамп Парсы шығанағындағы бірқатар елдің іс-қимылын мақтап өтті, бірақ олардың бұл процеске қатысуы қақтығыс аймағына географиялық жақындығымен байланысты екенін мойындады. Сауд Арабиясы, Катар, БӘӘ, Бахрейн және Кувейт сияқты елдердің барлығы тамаша нәтиже көрсеткенін айтып, оларға жоғары баға берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button