ЖаңалықтарЭкономика

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 26 трлн теңгеге жетті

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 2025 жылы 14%-ға өсіп, 26 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы 2026 жылғы 3 сәуірде өткен “БЖЗҚ” АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 33-отырысында айтылды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Кездесу барысында Қордың 2025 жылғы қызметінің қорытындылары таныстырылды. Стратегиялық даму департаментінің директоры К. Фазылованың айтуынша, есепті кезеңде зейнетақы жүйесінің дамуына бірқатар заңнамалық өзгерістер әсер еткен.

Олардың қатарында:

  • әлеуметтік осал санаттарға жататын және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған БЖЗҚ алушылары мен салымшыларының мүдделерін қозғаған сол кезде күшінде болған Салық кодексіне түзетулер енгізу;
  • зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары бойынша Үкіметтің 521 қаулысының қабылдануы;
  • 01.2026 ж. бастап ҚР жаңа Салық Кодексінің күшіне енуі;
  • зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыратын заңнамалық НҚА-дағы өзгерістер.

Кеңес отырысында зейнетақы жүйесіне қатысты негізгі көрсеткіштер де ұсынылды. Мәліметке сәйкес, 2026 жылдың басында зейнетақы шоттарының саны 18,2 млн-нан асты. 2025 жылы жаңа ашылған шоттар саны 1 млн-ға көбейген.

Зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 26 трлн теңгені құрады. Оның 60%-ы зейнетақы жарналары есебінен қалыптасса, 40%-ы инвестициялық кірістен құралған.

Сонымен қатар Қордың жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры М. Акмаева 2025 жылғы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қорытындысын таныстырды. Оның айтуынша, 2021 жылы қабылданған 2022–2026 жылдарға арналған сыртқы коммуникациялар бағдарламасы аясында халықтың зейнетақы жүйесі туралы хабардарлығын арттыру және БЖЗҚ-ға деген сенімді нығайту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ 2025 жылы жаңартылған enpf.kz сайты іске қосылып, зейнетақы активтерін басқару порталы пайдалануға берілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button