Қостанайда 5 млн теңге пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды
Қостанай облысы Мемлекеттік кірістер департаменті шенеунігінің қатысуымен болған пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын ҰҚК растады
Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) аудандық басқармаларының бірінің басшысы парамен ұсталғаны туралы ақпаратты HALYQSTAN Telegram-арнасы таратқан болатын, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Telegram-арнаның мәліметінше, 35 жастағы шенеунік 17 наурызда жұмыс кабинетінде ұсталған, ал пара сомасы 5 млн теңгені құраған. HALYQSTAN-ның жазуынша, бұл қаражат жер сату және тиісті салықты төлеу ісі бойынша жеке компанияны әкімшілік жауапкершілікке тартпау және 18 млн теңге көлеміндегі салықтық баждарды есептемеу үшін берілген.
Мемлекеттік кірістер департаменті «Наша Газета» (НГ) басылымының сауалына былай деп жауап берді:
— Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің иелігінде өтініште баяндалған фактілер туралы ақпарат жоқ.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жағдайды былай түсіндірді:
— Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
9 сәуірде МКД өкілдері сауал жолданған сәтте бұл дерек бойынша ешқандай ақпараттан хабарсыз болғандарын мәлімдеген.


