«AMANAT» партиясы Қостанай облысы Жангелдин аудандық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды
Ол бұған дейін білім беру және БАҚ саласында қызмет атқарған

Гүлім Ысмағұл «AMANAT» партиясы Қостанай облысы Жангелдин аудандық филиалының атқарушы хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Гүлім Мылтықбайқызы бұған дейін білім беру және БАҚ саласында қызмет атқарған. Аудандық «Біздің Торғай» газетінің директоры қызметін және Жангелдин ауданының Тілдерді оқыту орталығының директоры қызметтерін абыроймен атқарған білікті басшы.
Бұл лауазым – үлкен сенім мен жоғары жауапкершілікті талап ететін маңызды қызмет. Осы орайда аудан әкімі Д.Бидашев Гүлім Мылтықбайқызын арнайы қабылдап, жаңа қызметіне сәттілік және жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Е. Алматов, ауыл әкімі К. Қарағұл, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Нұрханов, аудан ақсақалдары мен аудандық мәслихат депутаттары қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. Жаңа қызметінде жоғары жетістіктерге жететініне сенім білдірді.
Фото: дереккөз


