Жаңалықтар
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Ресми мәліметке сәйкес, жасөспірім интернет арқылы нұсқау алып, құқық бұзушылық жасауды жоспарлаған

Алматыда оқышы қыз мектепке балта алып келген, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, жасөспірім интернет арқылы нұсқау алып, құқық бұзушылық жасауды жоспарлаған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жасөспірімді заңсыз әрекеттерге тартуы мүмкін тұлғалар анықталуда.
Сондай-ақ, ата-анасына қатысты тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша іс қозғалды.
Полиция балалардың интернеттегі қандай ақпаратты тұтынатынын бақылауды ескертті.
Фото: pixabay.com



