Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Mazda және JAC көліктері соқтығысқан

Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жантүршілгерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Қайғылы жол апаты 24 сәуір күні Алматы – Өскемен – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 1139-шақырымында (Глубокое ауданы, Березовка ауылы маңында) болған.

Mazda және JAC көліктері соқтығысқан. Оқиға куәгерлері апат орнынан түсірілген видеолармен бөлісті. Соққы салдарынан жеңіл көлік қатты мыжылып қалған. Адамдардың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Mazda автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. JAC көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: видеодан скрин

Басқа жаңалықтар

Back to top button