Басты жаңалықЖаңалықтар

Интим видеосы тарап кеткен ерлі-зайыптыға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

Мобилографтың анасының айтуынша, ұлына тағылып отырған айып шындыққа жанаспайды

Әлеуметтік желіде “Хан” лақап атымен танымал асаба мен оның жұбайына қатысты тараған жеке видеоларға байланысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды NewsMedia.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған іске күдікке ілінген 16 жастағы мобилографтың анасы алғаш рет көпшілік алдына шығып, ұлының кінәсіз екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жасөспірімге тағылып отырған айып шындыққа жанаспайды.

Балам бұл видеоларды таратқан жоқ. Оның тағдыры қалай болады? – деп алаңдаушылық білдірді анасы.

Ол сондай-ақ ұлының жұмыс барысында жұмыс берушінің телефонынан жабық бейнематериалдарды ұрлауы мүмкін емес екенін айтты. Бұдан бөлек, жасөспірімнің еңбекақысы толық төленбегенін де атап өтті.

Балама көмек керек. Болашағы не болатынын білмеймін. Кімнен көмек сұрарымды да білмей отырмын, – деді ол.

Қазіргі таңда бұл жағдай әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр. Қоғам белсенділері мен қолданушылар істің әділ қаралуын талап етіп, кәмелетке толмаған баланың құқықтары толық қорғалуы тиіс екенін айтып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button