Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады: Ұшқыш қаза тапты
Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесі электр желілеріне соғылған

Павлодар облысындағы Железинка ауылының маңында “ЭЛИСА” ұйымы пайдаланатын Ан-2 әуе кемесі құлаған, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесі электр желілеріне соғылған.
Бортта екі адам болған, олардың бірі апат салдарынан қаза тапқан. Екінші ұшқышты ТЖД қызметкерлері шығарып алған, зардап шегуші есін біледі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, авиациялық оқиға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментімен тексеріледі. Оқиға орнына департамент қызметкерлері жіберілді, — деп хабарлады Көлік министрлігі.
Аман қалған ұшқыш Апаттар медицинасы орталығының әуе бортымен Железинка аудандық ауруханасынан Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жеткізілді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 1998 жылы туған науқас политравма бөліміне жатқызылады. Тексеруден кейін дәрігерлер оның жағдайы туралы қосымша ақпарат береді.
Фото: t.me/kerekpv



