Жаңалықтар

«Тыныштық жоқ»: Қайрат Сатыбалдының тоқалы тағы да үндеу жасады

Асылжан Есенқызының сөзінше, өзін Гүлмира, Әсел, Саида есімді әйелдер және олардың айналасындағы адамдар үнемі бақылап, түрлі жолдармен мазалаған

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалдыұлымен қарым-қатынаста болған Асылжан Есенқызы әлеуметтік желіде өзіне ұзақ уақыт бойы түрлі қысым жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасаған NewsMedia.kz.

Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалдыұлымен бірге болған кезеңде де, кейін ажырасқаннан соң да кейбір әйелдер тарапынан тыныштық көрмеген.

Асылжан Есенқызының сөзінше, өзін Гүлмира, Әсел, Саида есімді әйелдер және олардың айналасындағы адамдар үнемі бақылап, түрлі жолдармен мазалаған.

Қайратпен бірге жүрген кезімде де оның басқа әйелдері менің әр қадамымды аңдып, тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермеді. Олардың мақсаты не екенін түсінбедім. Бірде үшеуін жинап алып, “менің қандай кінәм бар?” деп сұрадым. Өздері қысым көрсетіп, артынан Қайратқа жақсы көрінуге тырысатындарын айттым, – дейді ол.

Асылжанның айтуынша, сол кезде әйелдердің бірі Қайрат Сатыбалдыұлының балаларымен аз араласатынын алға тартқан. Алайда ол бұл уәждің шындыққа сәйкес келмейтінін, Қайраттың балаларымен кездесіп жүргенін жеткізді.

Сонымен қатар ол ажырасқаннан кейін жағдай өзгереді деп ойлағанын, бірақ кейін де өзіне қатысты жағымсыз әрекеттер тоқтамағанын айтты.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button