Басты жаңалықҚоғам

Мәжіліс депутаты халықтың күнкөрісі қиындап кеткенін айтты

Ол сондай-ақ орташа жалақы номиналды түрде өскенімен, инфляцияны есептегенде шын мәнінде 3,2%-ға төмендегенін айтты

Жоғары аудиторлық палатаны есебінен кейінгі Мәжіліс отырысында депутат Асхат Рахымжанов қазақстандықтардың несиеге тәуелді болуының себебі қаржылық сауатсыздық емес, күн көрудің амалы екенін айтты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Депутат экономиканың жалпы даму көрсеткіштеріне ұмтылмау керегін атап өтті.

Шенеуніктердің есебі бойынша, азық-түлік тауарлары 13,5%-ға қымбаттап, соның салдарынан халық шығындарының құрылымында тамаққа кететін қаражат 52%-ға жетті. Тағы да атап өтемін, ресми деректер осындай болса, өмірдегі жағдай одан да қиын. Бұл қазақстандықтардың тек күн көріп жүргенін көрсетеді, өйткені олардың шығындарының көп бөлігі күнделікті азық-түлік алуға кетеді, –  деді депутат Асхат Рахымжанов.

Ол сондай-ақ орташа жалақы номиналды түрде өскенімен, инфляцияны есептегенде шын мәнінде 3,2%-ға төмендегенін айтты.

Адамдар тек өмір сүру және азық-түлік алу үшін жаппай банктерге жүгінуге мәжбүр. Бүгінде экономикалық белсенді халықтың 90%-дан астамы несие алған. Бұл шенеуніктер айтқандай “қаржылық сауатсыздық” емес, бұл – табыс тоқырауы жағдайындағы өмір сүру тетігі, – деді депутат.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button