Жаңалықтар
Шымкентте хиджаб киген қыз есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды
Бойжеткеннің сөмкесінен жалпы салмағы шамамен 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылған
Шымкентте хиджаб киген қыз есірткі таратты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Шымкент полициясының мәліметінше, ұсталған сәтте бойжеткеннің сөмкесінен жалпы салмағы шамамен 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылған. Сондай-ақ электронды таразылар мен есірткіні өлшеп, орауға арналған қаптама материалдары тәркіленген.
Осыдан кейін полицейлер күдіктінің жалға алынған пәтерінде тінту жүргізді. Пәтерден әрқайсысының салмағы шамамен 5 грамм болатын есірткі салынған тағы 32 орам табылған.
Қылмыстық іс қозғалды. Қыз Уақытша ұстау изоляторына қамалды.



