Жаңалықтар

«Ерлі-зайыптыдай тұр ғой»: Азамат Сатыбалды мен Жұлдыз Әбдікәрімова желіні шулатты

«Қайрат шалқасынан түспесін...»

Танымал актер Азамат Сатыбалды мен актриса Жұлдыз Әбдікәрімова көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды NewsMedia.kz Sadaq.kz-ке сілтеме жасап.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында суреттермен бөлісіп, жаңа спектакльдің премьерасы өтетінін хабарлады.

«Бұл спектакль – махаббат туралы ғана емес. Сезімді тұрмыс жеңгенде, бір кездері бір-бірін шексіз сүйген екі адамның уақыт өтпей алмаған жараларының ізі жайлы…»,– деп жазды актриса.

Жарияланған суреттер желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Көпшілік Азамат Сатыбалды мен Жұлдыз Әбдікәрімованың сахнадағы үйлесімін жоғары бағалап, түрлі пікірлер жазды.

«Қайрат шалқасынан түспесін», «Шошып кеттік қой», «Қайратқа күшті жауап болды», «Екеуі күшті жарасып тұр», «Әйелің әртіс болмасын деген сурет екен», «Ерлі-зайыптыдай тұр ғой», «Ұят екен», «Керемет жұп шығар еді», – деп жазды көпшілік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button