Жаңалықтар

“Сезім бір күнде сөнбейді…”: Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы жұртты ойландырып қойды

Өнер иесі ерлі-зайыптылар арасындағы сезімнің суу себептерін астарлап жеткізіп, іштегі өкінішін жасырмады

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас туралы сыр шертіп, оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды Politico.kz-ке сілтеме жасаған NewsMedia.kz.

Өнер иесі ерлі-зайыптылар арасындағы сезімнің суу себептерін астарлап жеткізіп, іштегі өкінішін жасырмады.

“Сезім бір күнде сөнбейді. Айтылмай қалған бір сөзден, қойылмай қалған бір сұрақтан суына бастайды. Енді мен: “Қашан келесің?”, “Кешкі асқа не жегің келеді?”, “Шаршадың ба?” деп сұрамаймын. Енді сен: “Мені сағындың ба?”, “Қолшатырыңды алдың ба?”, “Неге күлмейсің?” деп сұрамайсың”, – деп бөлісті ол.

Сонымен қатар актриса отбасындағы немқұрайлылықтың зардабын айтып, оқырмандарына ой тастады.

“Көздеріміз ашық, бірақ онда сәуле жоқ. Жүрегіміз соғып тұр, бірақ бір-біріміз деп емес. Неге? Бізді бұл күйге салған тіршілік пе, әлде тұрмыс па? Немқұрайлық… Құтқара аламыз ба?”, – деп жазды ол.

Актрисаның бұл жазбасы желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырып, көпшіліктің алаңдаушылығын арттырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button