Басты жаңалықҚоғам

«Топырақтан асап жібердіңіз бе?»: Құрылтай сайлауында дауыс беруге барған Ардақ Назаров сынға қалды

Бұл ретте желі қолданушылары бұрынғы депутатты әбден мазаққа айналдырған

Threads әлеуметтік желісінде белгілі спортшы, Мәжілістің бұрынғы депутаты Ардақ Назаров мазаққа қалды, деп жазады NewsMedia.kz.

Ол өз парақшасында Құрылтай сайлауында дауыс бергенін жазған.

Біз өз таңдауымызды жасадық. Еліміздің болашағы жарқын болсын, – деген Назаров.

Threads қолданушылары не дейді?

Бұл ретте желі қолданушылары бұрынғы депутатты әбден мазаққа айналдырған.

“Учаске алдындағы топырақтан асап-асап жібердіңіз бе?”, “Анаңызды бір құттықтап жібермедіңіз бе, пау, шіркін, учаскеде тұрып”, “Сен де қоймайды екенсің. Вниманиеге тоймай. Қадірің кетіп жатыр, соны біл. Сөзбен емес, үнсіз іспен жаса ел ісін. Қолыңнан келетінді істесей. Спортзал аш ауылдан. Балаларды дайында. Сол кезде халық сені өздері көкке көтереді. Оған дейін жыртың-жыртың етіп алдымыздан шыға берме сарышұнақ құсап”, “құттықтағыңыз келіп әрең шыдап тұрған сияқтысыз, аға-ау”, – деп жазып жатыр жұрт.

«Қандас қария топырақты жұтып жіберді»

Еске сала кетсек, былтыр сол кездегі Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың атамекенге оралған қандастар туралы айтқан әңгімесі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Ол сұхбаттарының бірінде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Түркиядан елге оралған қария ұшақтан түскен бойда: «қызым, мынау қазақтың жері ме?» деп сұрап, растауын алған соң, бір уыс топырақты алып, жұтып жіберген деген болатын.

Парламент қабырғасында анасын құттықтау

Сондай-ақ сол жылы Парламент отырысында сауал жолдамас бұрын, Назаров 70-ке толған анасын  құттықтаған болатын. Анасына деген жүрекжарды лебізін ол Парламент мінберінде білдірді.

Қадірлі анашым. Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге және жүзіңізден төгілген нұрыңызға шомылып өстім. Әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, құдай бере салған немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым, мен сізді жақсы көремін. Сіздің алдыңызда басымды иемін, – деді Назаров.

Фото: threads/ardaknazarov

Басқа жаңалықтар

Back to top button