Басты жаңалықЖаңалықтар
Қазақстанда Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылады
Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған Жарлыққа қол қойды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған Жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылды. Жаңа органның құрылуы елдің қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған, – деп жазылған құжатта.
Жарлыққа сәйкес Қауіпсіздік кеңесі аппараты Президенттің өкілеттіктерін іске асыруға және кеңестің қызметін қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқаратын болады.



