Басты жаңалықЖаңалықтар

Астанада алғашқы үсік, Алматыда +33°: 1 қыркүйекке дейінгі ауа райы болжамы

Астанада 30 тамызда күн құбылмалы бұлтты болады

«Қазгидромет» Астана мен Алматыдағы 30 тамыз – 1 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам жасады. Екі мегаполисте жаздың соңғы күндері ауа райы бір-біріне мүлде ұқсамайды. Астанада салқын әрі жаңбырлы күндер күтілсе, Алматыда тамыздың соңғы күнінде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Астанада ауа райы қандай болады?

30 тамызда елордада күн құбылмалы бұлтты болады. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

Түнде ауа температурасы +8…+10°C, күндіз +14…+16°C болады.

31 тамызда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады.

Түнде ауа температурасы +2…+4°C дейін төмендейді. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз ауа +12…+14°C-қа дейін жылынады.

1 қыркүйекте елордада күн құбылмалы бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C болады.

Алматыда жаз әлі де сезіледі

30 тамызда Алматыда жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел кейін солтүстік бағытқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр болады.

Түнде ауа температурасы +19…+21°C, күндіз +31…+33°C-қа дейін көтеріледі.

31 тамызда күн құбылмалы бұлтты болып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақыттарда секундына 15-18 метрге жетеді.

Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C болады.

1 қыркүйекте Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 15-18 метрге дейін жетеді.

Түнде ауа температурасы +15…+17°C, күндіз +21…+23°C болады.

Синоптиктер бұған дейін 30 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайтынын ескерткен. Кей аймақтарда найзағай, қатты жел, бұршақ, тұман және шквал, сондай-ақ алғашқы үсіктер күтіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button