Басты жаңалықЖаңалықтар

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Тағайындау

Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалсын, – делінген құжатта.

Аида Балаева туралы

Аида Балаева мұның алдында Премьер-министрдің орынбасары әрі Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарды. Ол бұл қызметке 2023 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған. Балаева — әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

Ол еңбек жолын 1999 жылы Алматы облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бастаған. Кейін Алматының Ішкі саясат саласында түрлі қызметтер атқарып, 2006-2008 жылдары Алматының Ішкі саясат департаментін басқарды. 2008-2010 жылдары Астананың Ішкі саясат басқармасының бастығы, ал 2010-2014 жылдары Астана әкімінің орынбасары болды.

2014-2019 жылдары Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары Президенттің көмекшісі болды.

2020 жылғы қаңтардан 2022 жылғы қаңтарға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды. Кейін 2022-2023 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. 2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Еске салайық, бұған дейін Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болғанын, Олжас Бектенов Премьер-министр қызметінде қалғанын жазған едік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button