Басты жаңалықЭкономика
Тоқаев Үкіметке экономикалық өсімді жеделдету жөнінде тапсырма берді
Президент Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындады
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.
Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне назар аударды.
Президент барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді тапсырды.



