Басты жаңалықЖаңалықтар
Журналист Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде балағат сөздер жазылған жарияланым анықталған
Журналист әрі қоғам белсендісі Арман Шораев 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұған оның әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы себеп болған, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде балағат сөздер жазылған жарияланым анықталған.
Аталған дерек бойынша сот қаулысымен Ақмола облысының тұрғынына 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды, – деп мәлімдеді полиция.



