Құрылтай депутаттарына өңірлер бекітіледі: тұрғындар қай депутаттың қай аймаққа жауапты екенін біледі
Құрылтай Регламентінің 8-бабында депутаттардың сессия барысында өңірлерге кемінде екі рет сапар жасауы көзделген
Құрылтайдың әр депутатына белгілі бір өңір бекітіледі. Бұл туралы Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте депутат Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Оның айтуынша, Құрылтай Регламентінің 8-бабында депутаттардың сессия барысында өңірлерге кемінде екі рет сапар жасауы көзделген.
Қыркүйектің басынан маусым айына дейін әр депутат кемінде бір рет өңірлерге сапар жасайды, – деді Константин Петров.
Депутаттың мәліметінше, жоғары заң шығарушы органға өткен партиялардың өкілдері өңірлерге бөлінеді. Бұл ақпарат көпшілікке жария етіледі.
Тұрғындар қай депутаттың қай өңірге бекітілгенін білетін болады, – деді ол.
Құрылтай депутаттарының өңірлерге сапары да ашық форматта өтпек. Кездесулер тұрғындарды жеке қабылдау, еңбек ұжымдарымен жүздесу және басқа да форматтарда ұйымдастырылады.
Ешқандай шектеу жоқ, – деді Құрылтай депутаты.
Айта кетейік, бүгін Құрылтайдың Регламенті бекітілді. Құжатқа сәйкес, депутаттар Премьер-министрге, Үкімет мүшелеріне, бірқатар мемлекеттік органның басшыларына және өңір әкімдеріне депутаттық сауал жолдай алады.



