Жаңалықтар
Түркістан әуежайында ұшақтан ақау шықты
Әуе кемесіне қатысты ақау туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желідегі чаттарда тараған
11 қыркүйекте Түркістан халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақтардың бірінен техникалық ақау анықталды. Бұл ақпаратты Көліктегі полиция департаменті растады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Әуе кемесіне қатысты ақау туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желідегі чаттарда тараған. Кейін оқиғаның болғанын Полиция департаментінің өкілдері нақтылады.
Ведомство мәліметінше, қазір ұшақтағы техникалық ақауды жою үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
11 қыркүйекте Түркістан әуежайының ұшу-қону жолағында әуе кемелерінің бірінде техникалық ақау пайда болды. Қазіргі уақытта оны жою бойынша қажетті жұмыстар атқарылуда. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.
Оқиғаға байланысты басқа мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.



