Қазақстанда жаңа саяси өзгерістер күтіледі: әкімдер ауысуы мүмкін
Сарапшының айтуынша, реформаның келесі кезеңінде Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіліп, оның алғашқы сессиясы өткізіледі
Қазақстанда жаңа Конституция ережелерін іске асыру аясында саяси жүйені жаңғырту процесі жалғасып жатыр. Саясаттанушы Андрей Чеботарёвтың пікірінше, алдағы уақытта мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар маңызды өзгеріс болуы мүмкін, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Сарапшының айтуынша, реформаның келесі кезеңінде Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіліп, оның алғашқы сессиясы өткізіледі. Сол жиында жаңа органның төрағасы сайланып, тұрақты комитеттері құрылуы тиіс.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Құрылтайдың келісімімен Конституциялық соттың судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындайды деп күтілуде.
Саясаттанушының болжамынша, кадрлық өзгерістер атқарушы билікке де әсер етуі ықтимал. Атап айтқанда, облыс әкімдерімен қатар, елдегі үш ірі мегаполистің әкімдері де ауысуы мүмкін.
Чеботарёвтың пікірінше, осы процестер аяқталғаннан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдау жасауы қисынды болмақ. Оның айтуынша, Жолдауда жаңадан құрылған мемлекеттік органдар мен тағайындалған лауазымды тұлғалардың алдағы қысқа және орта мерзімдегі негізгі міндеттері айқындалуы мүмкін.
Сондықтан осының бәрінен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдау жасауы әбден орынды. Бұл оған жаңадан құрылған органдар мен тағайындалған лауазымды тұлғалардың қысқа немесе орта мерзімдегі негізгі міндеттерін айқындап, жариялауға мүмкіндік береді, – деді саясаттанушы.
Сарапшы бұған қоса Жолдау қарсаңында елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға оң әсер ететін белгілі бір шаралар қабылдануы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Демек, алдағы кезеңде Қазақстанның саяси жүйесінде де, атқарушы билікте де елеулі кадрлық өзгерістер болуы ықтимал.



