Басты жаңалықСаясат

Тоқаев Нью-Делиге барды: Президент БРИКС саммитіне қатысады

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан астанасы Нью-Делиге барды. Мемлекет басшысы XVIII БРИКС саммитіне қатысады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Президентті әуежайда Үндістан үкіметінің өкілдері қарсы алды. Қазақстан делегациясы үшін арнайы қарсы алу рәсімі ұйымдастырылып, ұлттық билер орындалып, құрмет қарауылы сап түзеді.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының бірқатар екіжақты кездесулер өткізуі жоспарланған.

БРИКС саммитіне кімдер қатысады?

Бұған дейін Нью-Делиде өтетін көшбасшылар кездесуінің алдында БРИКС елдері қорытынды декларацияның мәтінін келісіп алғаны хабарланған болатын.

Құжатты дайындау АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс және ұйым ішіндегі бірқатар қайшылықтар, соның ішінде Тегеран мен Абу-Даби арасындағы келіспеушіліктер аясында жүргізілді.

Саммитке Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Оңтүстік Африка Президенті Сирил Рамафоса және Абу-Даби мұрагер ханзадасы Халед бин Мұхаммед бин Заид Әл Нахайян қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button